Босаған гранттар тізімі
2024-2025 оқу жылы
2 семестр
№ | Білім беру саласының коды және атауы | Білім беру бағдарламасының атауы | Курс | Грант түрі |
---|---|---|---|---|
1 |
6В017 Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау |
6В01701 Қазақ тілі мен әдебиеті |
1 |
мақсатты |
2 |
6В017 Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау |
6В01703 Шетел тілі: екі шетел тілі |
1 |
мақсатты |
3 |
6В017 Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау |
6В01703 Шетел тілі: екі шетел тілі |
1 |
мақсатты |
4 |
6В017 Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау |
6В01703 Шетел тілі: екі шетел тілі |
1 |
мақсатты |
5 |
6В016 Гуманитарлық пәндер бойынша мұғалімдер даярлау |
6В01603 - Тарих және қоғамтану
|
1 |
мақсатты |
6 |
В014 География бойынша мұғалімдерді даярлау |
6В01520 - География
|
1 |
мақсатты |
7 |
В014 География бойынша мұғалімдерді даярлау |
6В01520 - География
|
1 |
серпін |
8 |
6В017 Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау |
6В01708 - Орыс және орыс емес тілдерде оқытатын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті |
1 |
мақсатты |
9 |
6В017 Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау |
6В01708 - Орыс және орыс емес тілдерде оқытатын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті |
1 |
мақсатты |
10 |
6В017 Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау |
6В01703 Шетел тілі: екі шетел тілі |
3 |
мақсатты |
11 |
6В016 Гуманитарлық пәндер бойынша мұғалімдер даярлау |
6В01601Тарих |
3 |
мақсатты |
12 |
6В017 Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау |
6В01705 Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті |
3 |
мақсатты |
Жоғары білім алу процесінде босаған бос білім беру гранттары жекелеген білім беру бағдарламалары бойынша келісімшарттық негізде білім алушыларға конкурстық негізде беріледі.
Конкурс білім беру грантын беру туралы куәлікті бере отырып, үлгерімнің GPA барлық оқу кезеңінде (Grade Point Average – Грейт Поинт Эверейдж) орташа балы негізінде аралық аттестаттау нәтижелері бойынша өткізіледі.
GPA үлгерімінің орташа балының көрсеткіштері бірдей болған жағдайда, тек А, А- ("өте жақсы") бағалары бар білім алушылар басым құқыққа ие болады, келесі кезекте – А, А- ("өте жақсы") бастап В+, В, В-, С+ ("жақсы") дейінгі бағалар, бұдан әрі – оқудың барлық кезеңіндегі аралас бағалар.
Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге (Серпін) қоныс аударатын ауыл жастары қатарынан Қазақстан Республикасының азаматтарын оқытуға бөлінетін бос гранттарға осы бағдарлама шеңберінде көрсетілген өңірлерден келген өтініш берушілер ғана үміткер бола алады.
"F" бағалары бар білім алушылар бос гранттарға үміткер бола алмайды.
Жоғары білім алу процесінде босаған бос білім беру гранттарын беру жазғы және қысқы каникул кезеңінде конкурстық негізде келесі тәртіппен жүзеге асырылады:
1) ақылы негізде білім алушы университет Басқарма Төрағасының –Ректорының атына жоғары білімнің білім беру гранты бойынша одан әрі оқуға өтініш береді;
2) келіп түскен өтініштер Ғылыми кеңестің және директорлар кеңесінің отырысында қаралады;
3) университет Ғылыми кеңестің және директорлар кеңесінің шешімі негізінде тиісінше ағымдағы жылғы 5 тамыз және 25 қаңтарға дейінгі мерзімде бос білім беру гранттарына ауысу үшін үміткерлердің тізімін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне шешім қабылдау үшін жібереді.
Барлық сұрақтар бойынша офис-тіркеушіге хабарласыңыз: 8 714 30 7 24 88 (ішкі 112).