Қабылдау комиссиясы 2025 жылғы 20 маусым күні жұмысын бастайды. Құжаттарды қабылдау офлайн түрде өткізіледі.
Байланыс ақпараты
Мекен-жай: 110300, Қостанай обл., Арқалық қ., Әуелбеков к., 17.
Телефон: 8 (71430) 7-11-57, 8 (71430) 7 24 88 (ішкі 190).
Ұялы телефон номері: +7 702 079 5171
E-mail: info@api.edu.kz
Шығармашылық емтихандар келесі білім беру бағдарламалары бойынша қабылданады:
Шығармашылық емтихандарға қатысу бойынша өтініштер 2025 жылғы 20 маусым мен 5 шілде аралығында қабылданады. Өтініштер Әуелбеков, 17 мекен-жайы бойынша университеттің қабылдау комиссиясында қабылданады.
Шығармашылық емтихандар әрбір білім беру бағдарламасы бойынша 2025 жылдың 10 шілдесі мен 11 шілдесі күндері екі кезеңде өткізіледі.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ:
Университет 6В01 педагогикалық ғылымдар классификациясының келесі білім беру бағдарламалары бойынша бакалаврларды дайындайды:
Құжаттар тізімі:
«Ыбырай Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық университеті» КЕАҚ Директорлар кеңесі білім беру бағдарламалары бойынша 2025 жылғы қабылдауға бекіткен оқу ақысының мөлшерлері келесідей:
Толық мерзімді білім беру бағдарламалары үшін орташа жылдық оқу ақысы – 625 410 тг. 1 кредиттің құны – 10 424 тг.
Қысқартылған мерзімді білім беру бағдарламалары үшін орташа жылдық оқу ақысы – 500 000 тг. 1 кредиттің құны – 8 334 тг.
Мұндай жағдайда Сіз дипломыңыздың және / немесе оның қосымшаларының телнұсқасын жасата аласыз. Ол үшін «Ыбырай Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық университеті» КЕАҚ-на "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" (әрі қарай – Мемлекеттік корпорация) немесе "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы арқылы сәйкес нысанда немесе электронды нысанда Басқарма Төрағасы – Ректордың атына өтініш жолдауыңыз қажет. Сонымен қатар, өтінішпен бірге жеке куәлік көшірмесі және диплом мен оның қосымшаларының көшірмесін (болған жағдайда) қоса беруіңіз керек.
Өтінімдерді жалпы қарау мерзімі Мемлекеттік корпорацияға немесе порталға құжаттарды тапсырған сәттен бастап – 15 жұмыс күні.
Студенттің Ыбырай Алтынсарин атындағы АрқПУ-да шынымен оқитыны туралы анықтама студенттің жеке өтініші бойынша Тіркеу бөлімінде беріледі.
Мұрағаттық анықтаманы алу үшін төмендегі құжаттарды info@api.edu.kz электрондық поштасына немесе eOtinish ақпараттық жүйесі арқылы жіберуіңіз қажет:
Өтініштердің қаралу мерзімі – 10 күн.
Дайын мұрағаттық анықтамалар өтінім берушінің электрондық поштасына немесе eOtinish ақпараттық жүйесі арқылы жіберіледі.
Бұл сұрақ бойынша толығырақ ақпарат алу үшін Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтында білім алушыларды ауыстыру, қайта қабылдау тәртібі туралы ережелерімен танысуыңызға болады.