2025-2026 оқу жылының 1-ші семестріне арналған бос гранттардың тізімі
Босаған гранттар тізімі
2025-2026 оқу жылы
1 семестр
| № |
Білім беру саласының коды және атауы |
Білім беру бағдарламасының атауы | Курс | Грант түрі |
|---|---|---|---|---|
|
1 |
6В014 Жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау |
6В01403 Дене шынықтыру және спорт |
1 |
серпін |
|
2 |
6В014 Жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау |
6В01403 Дене шынықтыру және спорт |
1 |
серпін |
|
3 |
B013 Биология мұғалімдерін даярлау |
6В01519-Биология (ІР) |
2 |
Мақсатты |
|
4 |
6В017 Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау |
601701Қазақ тілі мен әдебиеті |
3 |
Мақсатты |
|
5 |
6В017 Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау |
601701Қазақ тілі мен әдебиеті |
3 |
Ауылдық |
|
6 |
6В017 Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау |
601701Қазақ тілі мен әдебиеті |
3 |
Ауылдық |
|
7 |
6В014 Жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау |
6В01403 Дене шынықтыру және спорт |
3 |
Мақсатты |
Жоғары білім алу процесінде босаған бос білім беру гранттары жекелеген білім беру бағдарламалары бойынша келісімшарттық негізде білім алушыларға конкурстық негізде беріледі.
Конкурс білім беру грантын беру туралы куәлікті бере отырып, үлгерімнің GPA барлық оқу кезеңінде (Grade Point Average – Грейт Поинт Эверейдж) орташа балы негізінде аралық аттестаттау нәтижелері бойынша өткізіледі.
GPA үлгерімінің орташа балының көрсеткіштері бірдей болған жағдайда, тек А, А- ("өте жақсы") бағалары бар білім алушылар басым құқыққа ие болады, келесі кезекте – А, А- ("өте жақсы") бастап В+, В, В-, С+ ("жақсы") дейінгі бағалар, бұдан әрі – оқудың барлық кезеңіндегі аралас бағалар.
Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге (Серпін) қоныс аударатын ауыл жастары қатарынан Қазақстан Республикасының азаматтарын оқытуға бөлінетін бос гранттарға осы бағдарлама шеңберінде көрсетілген өңірлерден келген өтініш берушілер ғана үміткер бола алады.
"F" бағалары бар білім алушылар бос гранттарға үміткер бола алмайды.
Жоғары білім алу процесінде босаған бос білім беру гранттарын беру жазғы және қысқы каникул кезеңінде конкурстық негізде келесі тәртіппен жүзеге асырылады:
1) ақылы негізде білім алушы Басқарма Төрағасы – Университет Ректорының атына жоғары білімнің білім беру гранты бойынша одан әрі оқуға өтініш береді;
2) келіп түскен өтініштер Ғылыми кеңестің отырысында қаралады;
3) Университет Ғылыми кеңестің шешімі негізінде тиісінше ағымдағы 25 қаңтарына дейінгі мерзімде бос білім беру гранттарына ауысу үшін үміткерлердің тізімін Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігіне шешім қабылдау үшін жібереді.
Барлық сұрақтар бойынша офис-тіркеушіге хабарласуыңызға болады:
8 714 30 7 24 88 (ішкі 112).
Өтініштер 12.01.2025 дейін қабылданады. Өтініштерді университетке келіп тапсыруға немесе Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.. электронды почтасына жіберуге болады.
2025-2026 жылдарға арналған бос гранттарға үміткерлер тізімі рус / каз

